БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ӨТКІЗІЛГЕН АШЫҚ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ЕСЕБІ

«Фармакогнозия» кафедрасында 2023 жылдың 30 қазан күні сағат 9.00-10.50.TBL-интерактивті оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып 6В10106 «Фармация» білім беру бағдарламасының 3 курс В-ФҚА-02-01 тобының білім алушыларына «Фармакогнозия-1» пәнінен «Құрамында эфир майы (ациклді, моноциклді және бициклді) бар дәрілік өсімдік шикізаттарын талдау» тақырыбы бойынша зертханалық ашық сабақ өткізілді. Сабақты аға оқытушы Ибрагимова З.Е. өткізді.
Зертханалық сабақ барысында білім алушылар талдау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті дағдыларды игерді. Материалды меңгеру тақырып мазмұнын ашатын бір-бірімен байланысқан сұрақтардан қалыптастырылды, соған қарай сабақ жоспары құрылды. Білім алушылар биологиялық белсенді заттар ретінде эфир майларына сипаттама, жіктелуі, физика-химиялық қасиеттері, өсімдіктер әлемінде таралуы, мүшелер мен ұлпаларда болуы, өсімдіктерде түзілу динамикасы, дәрілік өсімдік шикізатын (ДӨШ) кептіру, сақтау және дайындау ерешеліктері, препараттарының қолдану жолдары, құрамында осы биологиялық белсенді заттар (ББЗ) тобы бар дәрілік заттардың фармакологиялық белсенділігі, олардың жанама әсерлері туралы сұрақтарға жауап берді.
Дәрілік өсімдік шикізатының түрін тауып үш тілде қазақша, орысша, латынша атауын атады.

Тақырып бойынша «Құрамында эфир майлары бар дәрілік өсімдік шикізаттары» туралы видеоролик көрсетілді.
Интерактивті тақтада интеллектуалды ойын, «ДӨШ сәйкесін тап» викториналық ойындармен сабақты бекітті.

Құрамында эфир майлары бар дәрілік өсімдік шикізаттары туралы теорияны қорытындылап, іс жүзінде зертханалық жұмыс жасап дәлелдеп көрсетті.
Зертханалық сабақта білім алушылар екі шағын топқа бөлініп ситуациялық есептерді шешті. ДӨШ және гербарий үлгісі бойынша өндірілетін дәрілік өсімдіктің атауларын және тұқымдасын қазақша, орысша, латынша атады, ботаникалық сипаттама, химиялық құрамын атады. Дәрілік өсімдіктің географиялық таралуын, өсетін жерлерін көрсетті.
Сабақ барысында химиялық ыдыстар, қондырғылар, реактивтер, микроскоптар, бюреткалар, рефрактометр қолданылды. Микроскопиялық талдауда дәрілік өсімдік шикізатының анатомиялық-диагностикалық белгілерін анықтады.

Эфир майын талдау:
ҚР МФ 1 том талаптарына сәйкес жалбыз майына (түсі және мөлдірлігі, иісі, дәмі)органолептикалық талдау жүргізілді
ҚР МФ бойынша эфир майында майлы майлар мен шайырлардың қоспасы.
ҚР МФ бойынша эфир майының ұшып кетуінен кейінгі қалдық.
ҚР МФ бойынша эфир майында бөгде күрделі эфир қоспасы.

Жалбыз майы тазалығы анықталды (спирттің, майлы және минералды майлардың жоқтығы)
Жалбыз майының физикалық көрсеткіштері анықталды.
Жарық сәулесінің сынуы. Жарық сәулесінің сынуын рефрактометрде анықтады. Жұмысты бастар алдында рефрактометрді n= 1,3330 при 20 °С. көрсеткіші бар су көмегімен тексерді.

Зертханалық жұмыстың соңында ДӨШ сапалық құрамын анықтау үшін әдістердің қайсысы тиімді екенін айтты.

Зертханалық жұмыс ҚР МФ, T I 1- басылымы бойынша дәрілік өсімдік шикізаттарынан эфир майын су буымен бөліп алу және Клевенджер аппаратымен Бұрыш жалбыз өсімдігінен эфир майын бөліп алу әдісімен сандық анықтау сабақтан тыс уақытта жасалды, себебі зертханалық сабақ 2 сағат сандық анықтау әдістері ауқымды уақыт мөлшерін талап етеді. Жасалған жұмыстарды бейнероликке түсіріп көрсетті. Ол, өз кезегінде жаңа тақырыпты жақсы түсінуге ықпал етті.

Сабақты қорытындылау мақсатында білім алушылармен кері байланыс жасау үшін Quizizz платформасында тест тапсырмаларын орындады.
Осылайша, зертханалық сабақта зерттелетін тақырыптың барлық аспектілерін қозғауға мүмкіндік туды, сонымен қатар әрбір білім алушы өз сұрақтарына жауап таба алды.

06.11.2023, 11:11
495 қаралым