БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ӨТКІЗІЛГЕН АШЫҚ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ

«Фармакогнозия» кафедрасында 2023 жылдың 17 сәуір күні сағат 9.00-11.50.TBL-интерактивті оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып 6В10106 «Фармация» білім беру бағдарламасының 3 курс В-ФҚА-01-20 тобының білім алушыларына «Фармакогнозия-2» пәнінен «Құрамында флавоноидтары бар дәрілік өсімдік шикізаттарын талдау» тақырыбы бойынша зертханалық ашық сабақ өткізілді. Сабақты аға оқытушы Ибрагимова З.Е. өткізді.
Зертханалық сабақ барысында білім алушылар талдау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті дағдыларды игерді. Материалды меңгеру тақырып мазмұнын ашатын бір-бірімен байланысқан сұрақтардан қалыптастырылды, соған қарай сабақ жоспары құрылды. Білім алушылар биологиялық белсенді заттар ретінде флавоноидтарға сипаттама, жіктелуі, физика-химиялық қасиеттері, өсімдіктер әлемінде таралуы, мүшелер мен ұлпаларда болуы, өсімдіктерде түзілу динамикасы, дәрілік өсімдік шикізатын (ДӨШ) кептіру, сақтау және дайындау ерешеліктері, препараттарының қолдану жолдары, құрамында осы биологиялық белсенді заттар (ББЗ) тобы бар дәрілік заттардың фармакологиялық белсенділігі, олардың жанама әсерлері туралы сұрақтарға жауап берді.
Дәрілік өсімдік шикізатының түрін тауып, үш тілде қазақша, орысша, латынша атауын атады.

Тақырып бойынша «Құрамында флавоноидтары бар дәрілік өсімдік шикізаттары» туралы видеоролик көрсетілді.
Интерактивті тақтада интеллектуалды ойын, «ДӨШ сәйкесін тап» викториналық ойындармен сабақты бекітті.

Құрамында флавоноидтары бар дәрілік өсімдік шикізаттары туралы теорияны қорытындылап, іс жүзінде зертханалық жұмыс жасап дәлелдеп көрсетті.
Зертханалық сабақта білім алушылар екі шағын топқа бөлініп ситуациялық есептерді шешті. ДӨШ және гербарий үлгісі бойынша өндірілетін дәрілік өсімдіктің атауларын және тұқымдасын қазақша, орысша, латынша атады, ботаникалық сипаттама, химиялық құрамын атады. Дәрілік өсімдіктің географиялық таралуын, өсетін жерлерін көрсетті.
Сабақ барысында химиялық ыдыстар, қондырғылар, реактивтер, микроскоптар, хроматографиялық камералар қолданылды. Микроскопиялық талдауда дәрілік өсімдік шикізатының анатомиялық-диагностикалық белгілерін анықтады.
ДӨШ сапалық құрамын екі жолмен анықтады: реакцияны пробиркада жүргізу және хроматографиялық камера көмегімен анықтау.
Бөліп шығару: 1 г ұсақталған шикізатқа 20 мл 70 % этил спиртін қосады, кері тоңазытқышпен қыздыра отырып 40 минут экстаркциялады, фильтрледі. Сапалық реакция жүргізу үшін 2-3 мл сығынды алынды.
Сапалық талдау: бұл топтың өсімдіктерінің барлығы полифенолдар болғандықтан фенол қосылыстарына тән реакциялар көрсететті. Түске боялудың ерекшеліктері ОН –тобының орналасуына байланысты.

Зертханалық жұмыстың соңында ДӨШ сапалық құрамын анықтау үшін әдістердің қайсысы тиімді екенін айтты.

Зертханалық жұмыс ҚР МФ, T III 1- басылымы бойынша флавонодтардың өсімдік шикізатында болуын фотоэлектроколориметрия әдісімен сандық анықтау сабақтан тыс уақытта жасалды. Фотоэлектроколориметрия көмегімен алынған ерітінділердің оптикалық тығыздығын өлшеп шығарды. Жасалған жұмыстарды бейнероликке түсіріп көрсетті. Ол, өз кезегінде жаңа тақырыпты жақсы түсінуге ықпал етті.
Сабақты қорытындылау мақсатында білім алушылармен кері байланыс жасау үшін Kahoot платформасында тест тапсырмаларын орындады.
Осылайша, зертханалық сабақта зерттелетін тақырыптың барлық аспектілерін қозғауға мүмкіндік туды, сонымен қатар әрбір білім алушы өз сұрақтарына жауап таба алды.

20.04.2023, 16:02
429 қаралым