Белсенді дәріс білім беру тиімділігін жоғарылату тәсілі ретінде
«Фармация» БББ 4 курс студенттеріне профессор С.К.Ордабаеваның фармацевтикалық химия пәнінен жоспарлы ашық дәрісі өтті. Бұл жолы лектор PBL әдісін пайдаланды және студенттер теориялық сараптама жүргізіп, белгісіз препаратты анықтау аясында жұмыс жасады. Күнтізбектік-тақырыптық жоспарға сәйкес дәріс пурин туындыларының дәрілік препараттарына фармацевтикалық талдау жүргізуге арналған.
Дәріс барысында студенттердің ойлауын оқытушы олар үшін жаңа білімді құрайтын барлық қажетті ақпаратты алғанға дейін мәселелік жағдай туғызды. Профессор білім беру мәселелерін тұжырымдау арқылы мәселелік жағдай туғызды, оқу мәселелерін нақтылады және оларды шешудің гипотезасын ұсынды.
Қорыта айтқанда, мәселелік дәрістің жоспары студенттердің білімі ізденуге, зерттеушілік әрекетке жақын болатындай етіп құрылды. Ол студенттердің ой-өрісін және олардың берілген ақпаратқа деген жеке көзқарасын қамтыды.
Дәріс құрылымына тәжірибелік сабақтарда және студенттердің өзіндік жұмыстарында ары қарай қолдануға болатын күрделілігі әртүрлі тапсырмалар енгізілген. Қарастырылатын материалдың жүйелілігі мен логикалығын қамтамасыз ететін, мәселелік жағдайды шешуде қосымша «итермелейтін» дәрістер арасындағы байланыс ерекше мәнге ие болды.
Аудиториямен кері байланыс дәріс тақырыбы бойынша студенттерді тестілеу форматында жүргізіліп, белсенді дәрістің материалдарды меңгеру деңгейі мен тиімділігін көрсетті. Студенттермен жүргізілген анкета нәтижелері дәрістің үлкен қызығушылық тудырғанын, дәріс барысында лектордың шеберлікпен баяндаған әрбір үлкенді-кішілі ақпараттарынан берілген мәселелерге қатысты жауап іздеуге тура келгендігін көрсетті.