Белгілі ақын-жазушы, қоғам қайраткері, педагог Абай Батырұлы Қалшабектің «Мен – өмірмін, өзегіне от тиген» тақырыбында студенттермен кездесу ұйымдастырылды.

ОҚМА-ның «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» және «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедраларының ұйымдастыруымен академияның акт залында белгілі ақын - жазушы, қоғам қайраткері, педагог Абай Батырұлы Қалшабекпен «Мен – өмірмін, өзегіне от тиген» тақырыбында студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында студенттердің көкейінде жүрген қазіргі қоғамның жаңғыруы барысындағы келелі мәселелері туралы мағыналы ой-пікірлер айтылды. Іс шара барысында ұлттық рухта тәрбие берудегі өткір мәселелер баса айтылды. Оқытушы-профессорлардың, студенттердің осы мәселелер туралы сұрақтарына мағыналы жауаптар беріліп, тәрбиелік тағылымы терең кездесу болды.

21.04.2022, 15:52
471 қаралым