Башқұрт мемлекеттік медицина университетінде өткен конференция

Уфа қаласындағы Башқұрт мемлекеттік медицина университетінде 2017 жылдың 24 сәуір күні 82-ші Жалпы Ресейлік ғылыми конференциясы өткізілді. Осы конференцияға академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға барған ОҚМФА-ң фармацевтикалық факультетінің «Фармация» мамандығы бойынша оқитын 4 курс студенттері қатысып, келесі тақырыптар бойынша баяндама жасады: Падаш Маржан Абайқызы «Химико-фармацевтическое свойства теофиллина», Тургинбаева Динара Берикбаевна «Разработка состава и технология капсул с изонмазидом и офлоксацином», Жора Айсара Маратқызы «Надлежащая аптечная практика РК», Алиев Алыбей Дагыстанович «Фитохимическое исследование травы астрагала шароголового astragalus globiceps bunge»

1002 1

Конференцияның қорытындысы бойынша Алиев Алыбей Дагыстанович студенттер арасында ең үздік ауызша баяндамамен дипломға және сертификатқа ие болды. Ал басқа студенттер сертификатпен марапатталды. Сонымен қатар, «Студенттік көктем-2017» фестивалінде Тургинбаева Динара Берикбаевна «Мереке» атты ән шырқап, сертификатпен марапатталды. ОҚМФА-ның студенттері кез келген университеттердің студенттік өмірінде белсене қатысады. 

1002 2

1002 3

1002 4

1002 5

24.04.2017, 01:43
449 қаралым