«Балаларға кітап сыйла» тақырыбында қайырымдылық акциясын өткізу

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні! Біз мұндай оқиғаны өткізіп жібере алмадық. «Балаларға кітап сыйла» акциясының мақсаты Шымкент қалалық білім бөлімінің «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында» кітап бұрышын толықтыру.

Адам өмірінде білімнің тұлға болып қалыптасуында алатын орны зор. Балаға кітап сыйлау – оған шынайы қамқорлығыңыз бен сүйіспеншілігіңізді көрсетудің тамаша тәсілі. Кітап баланы адамдық сезімдер әлемімен: қуаныш, қарым-қатынастар, әрекеттермен таныстырады. Сондай-ақ олардың ой-өрісі кеңейіп, үйлесімді сөйлеу, есте сақтау, қиялдау, көркем қабылдау қабілеттерін дамытады.

28.02.2024 ж «Химиялық пәндер» және «Фармакогнозия» кафедраларының бірлескен қызметімен В-ФКАБ-01-22, В-ФО-02-22., В-ФКАБ-01-21, ФКАБ-02-21, В-ФО-03-21 топтары кураторларының жетекшілігімен х.ғ.к., профессор м.а Х.Б.Алиханова, п.ғ.к., доцент м.а Л.А.Дильдабекова, Р.А.Козыкеева, аға оқытушылар З.Е.Ибрагимова, Ж.К.Рысымбетова және оқытушы А.А. Әбілова қайырымдылық ұйымдастырды. «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» кітапханасын кеңейтіп, оларға білім мен қиял әлеміне жол ашып, болашаққа өз үлесімізді қостық. Өйткені, балалар жаңа және жақсы кітаптарды әкелгенде әрқашан қуанады, олар сөрелерде ұзақ уақыт жатпайды, бірақ бірден кішкентай иесінің қолына түседі.

29.02.2024, 18:13
299 қаралым