Балалардың шаттық күлкісі!
2022 жылдың 1 маусым күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының қолдауымен академия белсенді студенттері мен жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері Шымкент қаласы Шығыс мөлтек ауданындағы Сәбилер үйіне барып қайтты.
Белсенді студенттер балаларға ойыншықтар мен тәттілер сыйға тартты. Сәбилер үйі әкімшілігі академияға үлкен алғыстарын білдірді.
Бұл мейрам ескі халықаралық мейрамдардың бірі болып саналады. Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрдайым шаттық күлкі тілейміз!
02.06.2022,
18:06
464 қаралым