Балалардағы қант диабеті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, қант диабеті – инсулин секрециясының, инсулин әрекетінің немесе екеуінің де ақауының нәтижесі болып саналатын ауру. Ол қандағы глюкозаның жоғарылауымен сипатталады. Басқаша айтқанда, диабет инсулин жеткіліксіз өндірілгенде немесе оның әсері төмендегенде пайда болады.
Балалар арасында қант диабеті жиі дамуына байланысты, Педиатрия-2 кафедрасы, 26.04.2024 жылы, ПҚА-01-21 тобымен бірге, «Балалардағы қант диабеті» тақырыбындағы ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақта, қант диабетінің пайда болу факторлары, даму механизмі, зерттеу әдістері, ем шаралары талқыланып, білім алушылар практикалық дағды арқылы глюкометрмен қан құрамындағы глюкоза деңгейі анықтады. Болашақ педиатрлар үшін, бұл сабақ маңызды болды.

29.04.2024, 12:52
250 қаралым