БАЛАЛАР БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ

2024 жылдың 02 мамыр күні, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ «Педиатрия-1» кафедрасының меңгерушісі, PhD К.С.Кемельбековтың ұйымдастыруымен, кафедра ұжымы балаларға медициналық тексеру жасау және оларға таза экологиялық орта қалыптастыру мақсатында Шымкент калаласы білім басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында» іс-шара өткізді.
Ең алдымен балаларға медициналық профилактикалық тексеру жүргізілді. Балаларды стандарттарға сәйкес, жалпы тексеру, шағымдарына байланысты, әр ағзаның ауруларына көңіл бөліп, психологиялық қолдау жасап, тексеру жасалды және кеңестер берілді. Сонымен қатар, балаларға жасыл аймақ жасау және олардың дамуы үшін денсаулықтарына оң әсерін тигізетін, таза экологиялық ортаны жақсартуға бағытталған іс-шара ретінде қайын-шырша ағаштары отырғызылды.
Аталған миссия тек медициналық емес экологиялық бағытты да қамтып, балалардың өмірі сапасын жақсартуына, олардың дамуы үшін жақсы және сапалы мүмкіндіктерді қалыптастыруға бағытталған.

11.05.2024, 10:19
354 қаралым