«Балаларға қуаныш сыйла» қайырымдылық акциясы

848 1

2016 жылдың 29 қазан айында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушылары - Талғат Азиев пен Мұрат Тулентаев,  «Орыс, қазақ және латын тілдері», «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедраларының ұйымдастыруымен «Балаларға қуаныш сыйла» атты қайырымдылық іс-шарасы Шымкент қалалық №3 балалар үйінде өтті. Акцияға кафедраның меңгерушісі, филос.ғ.к., профессор міндетін атқарушысы Қ.Б.Кемелбеков, аға оқытушысы Ж.М.Исенгалиева, оқытушысы Ғ.Н.Сапарбек және 202 АБ фк, 203 АБ фк топтардың студенттері қатысты.

848 2

Акцияның негізгі мақсаттары:

- қамқорлық пен ата-аналық қорғпншылықты қажет ететін балаларға қуаныш сыйлау

- қолайлы және жайлы жағдайды жасау

- қаржылық қорғау көрсету

848 3

Концерттік бағдарлама барысында 1 жеке би және 3 жалпы би, 4 ән, 2 күй домбыра және қобызбен орындалды.  Балаларға әр түрлі сыйлықтар, жеміс-жидектер алынып, жоғарыдағы топтардың және ұстаздардың қатысуымен 2 сағатқа созылған концерттік – театрландырылған қойылым өтілді, әр түрлі ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, балалардың күнделікті өмір сүру тәртібімен жақынырақ танысу болды.  Соңында ұстаздар мен балалалар үйі тәрбиешілері балалармен 1 сағатқа ұзаған тәрбиелік мәні бар әңгіме – сұхбат жүргізді. 

848 4

Осылайша, мұндай қайырымдылық іс-шаралар жүргізу арқылы балалардың жағымды эмоциялық көніл-күйін сақтауға болады.

848 5

848 6

06.11.2016, 05:41
357 қаралым