Бакалавриат түлектерінің назарына!

 

 

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Еуропалық серіктесі Гданьск медицина университеті (Польша) Ghent University, Medical University of Gdansk, University of Groningen, University of Lille еуропалық жоғары оқу орындарының консорциумы жүзеге асыратын халықаралық магистрлік бағдарламаға өтінімдер қабылдаудың ашылғаны туралы хабарлайды.


S-DISCO халықаралық магистрлік бағдарламасы - бұл ағылшын тіліндегі 2 жылдық оқу бағдарламасы (120 ECTS): 90 ECTS (1-2-3 семестр) күндізгі және онлайн курстардан тұрады, ал 30 ECTS (4 семестр) магистрлік диссертацияға арналған.


Өтінімдерді фармацевтикалық, медициналық, ветеринарлық, химиялық, биологиялық немесе биоинженерлік ғылымдар бакалаврлары бере алады. Таңдаулы студенттер үшін барлық шығындарды өтеу үшін стипендиялар қарастырылған.


Веб-сайттың мекен-жайы: https://sustainabledrugdiscovery.eu/. Өтініш берудің соңғы мерзімі - ақпан айының соңы.

28.01.2022, 22:17
469 қаралым