«Бүгінгі жастардың дұрыс тамақтану мәселелері» атты G-global коммуникативтік алаңында өткен онлайн-конференциясы
2016 жылдың 11 ақпанында «G-GLOBAL-EXPO-2017» жасыл экономика бойынша G-global коммуникативтік алаңы аясында «Бүгінгі жастардың дұрыс тамақтану мәселелері» атты онлайн-конференциясы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының кіші залында «Гигиена-1» және «Гигиена-2» кафедралары, медициналық факультеті және жастар саясаты бөлімінің ұйымдастырылуымен өткізілді.
Конференция Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының «Гигиена-1», «Гигиена-2» кафедрасының, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінінің оқытушылары мен студенттері және Семей медицина университетінен қатысушыларымен өтті.
Конференция барысында жастардың тамақтану салты, әдеттері, жастар арасында белең алып отырған семіздік мәселесі жайында баяндамалар оқылып, терең талқыланып, алдын алу жолдары қарастырылды.