ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ЭТИКЕТІ

2016 жылдың 4 қарашасында ОҚМФА-ның акт залында «Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология» кафедрасының ұйымдастыруымен 1-ші, 2-ші, 3-ші курс студенттері арасында «Қазіргі заманның этикеті» тақырыбына дөңгелек үстел жүргізілді.

854 1

Іс-шара жауапты модератор Абуова Гульнар Турганбаевнаның сөзінен басталды, ол кісі бұл тақырыптың өзектілігі туралы және қазіргі заманның этикетін білуіміз маңызды екенін айтып өтті. Алғашқы сөзге «Дәрілер технологиясы» кафедрасының меңгерушісі Сағындыкова Баян Ахметқызы, фармация факультетінің  деканы Ж. Н. Жұмабайұлы және «Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология» кафедрасының меңгерушісі Керимбаева Закира Амирқызы шықты.

854 2

Дөңгелек үстел барысында 306 ФР, 305 ФР топтарының студенттері өз баяндамаларымен шықты. Жүргізушілер А.Арзыкулова және А.Оңлас этикеттің шығу тарихын айтып өтті.  Ары қарай сөз Окилахан Туякова және Айгерім Қанапьяға берілді. Олар этикеттің негіздерін еске алды. Қоғамдық көліктердегі этикет туралы Зарина Якубова, қонақ күту этикетін Шахноза Рахманкулова, үстел үстіндегі этикетті Дильдара Махаметова мен Әйгерім Калихан, ЖОО-ғы этикетті Зерде Байдуллаева мен Жанна Турбай айтып өтті. Осының бәрін қортындылай келгенде мәдениетті адам қандай болу керектігін Жаннур Адилбек пен Айдана Оңлас айтып өтті. Одан кейін ағылшын және қазақ тілдерінде интерактивті ойынды Окилахан Туякова мен Зарина Якубова жүргізді. Студенттер сұрақтарға белсенді жауап берді. Концерттік бағдарлама ретінде қонақтарға танымал аккордионист Урумбаев Махмуд өнер көрсетті.

Дөңгелек үстел барысында келесі қонақтарға сөз берілді: ақын, УПК мектебінің директоры, халықаралық Физули сыйлығының иегері Комек Куралбек, «Беласар International» ЖШС директоры Амина Мухтаровна Альханова, Республикалық жастар орталығы облыстық филиалының психологі Жұлдыз Балтабаева. Олар бұл іс-шара барысында этикет тақырыбы толық ашылғанын айтты.     

11.11.2016, 00:52
434 қаралым