«Қазіргі заманғы фармацевтика кадрларын даярлаудың негізгі бағыттары»

2015 жылы 14 желтоқсанда академияның кіші мәжіліс залында «Қазіргі заманғы фармацевтика кадрларын даярлаудың негізгі бағыттары» атты "дөңгелек үстел" өтті. Бұл медициналық кадрларды дайындау туралы "дөңгелек үстелдің" жалғасы болып табылады. Осы іс-шараның қонақтары «Даму» ОҚО фармацевтикалық және медициналық ұйымдарының қауымдастығының директоры Алжанова Хадиша Дербесқызы, «Жанға-Шипа» ЖШС директоры Төлеміс Уәлихан Сапакбайұлы, «Зерде» ҒӨМ ЖШС атқарушы директоры Э. М.Жүзбайқызы, «Еврофарма» ЖШС-нің қызметкерлері Г.Матайқызы, Н.Тажбекқызы және «Контакт» ЖШС қызметкері – С. Пирятинский.

704 1 1

Талқыланған негізгі мәселе фармацевтика кадрларын даярлаудың перспективалық бағыттары болып табылады. Баяндамамен дөңгелек үстелде Х. Д. Алжанова, А. Г.Ибрагимова- ОӘО бастығы; Б. О. Торланова - СЖжСМС бөлім бастығы. Хадиша Дербесқызы жас мамандармен 3-5 жыл мерзімге келісім-шарттар жасасуға, әскери объектілерге жұмысқа орналастыруды ұсынды, сондай-ақ мынадай элективті пәндерді оқу бағдарламасына енгізу: бизнестің заң аспектілері, кеден, салық кодекстері, мемлекеттік сатып алу мәселелері.

704 2 2

А. Г. Ибрагимова және Б. О. Торланова баяндамаларында жаңа дәрілік саясатына сәйкес Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібіне жаңа әдістемелерді, оның ішінде ақпараттық әдістемелерді білетін; GMP, ISO, GLP стандарттар және ЕДСО дәрілік саясат жағдайында жұмыс істе алатын мамандар, клиникалық фармация, фармацияға арналған дәлелді медицина, дәрілік формулярларын әзірлеу саласындағы мамандар қажет ететіні туралы айтылды.

704 3 3

ОҚМФА-да кадрларды дайындау «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы шеңберінде халықаралық стандарттарға сәйкес мамандарды даярлау, ҚР фармацевтикалық өнеркәсіп үшін GMP, GLP стандарттары бойынша мамандар даярлайтын ПОҚ біліктілігін көтеру жүзеге асырылады. ҚР мемлекеттік индустриялық даму бағдарламасы ОҚО-да "Химфарм" АҚ, ЖШС "Зерде" және басқа да жетекші фармацевтикалық компаниялар мен ғылыми-зерттеу орталықтар ынтымақтастығымен тудырылған фармацевтикалық кластер құрылуымен жүзеге асырылады.

Бүгін академия іргелі және қолданбалы зерттеулер арқылы өнімді жасау және өндіріске зерттеулер нәтижелерін енгізу деген жобаларды әзірлеуге дайын. Академияда өткізілетін ауқымды зерттеулер Қазақстан ғылымын және практикалық фармацияны сапалы жоғары деңгейге шығаратыны жөн.

14.12.2015, 03:03
593 қаралым