«Азаматтардың діни сенім бостандығы, құқығы» тақырыбында кездесу

2023 жылдың 13 қаңтар күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Азаматтардың діни сенім бостандығы, құқығы» тақырыбында студенттермен кездесу өткізілді. Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Асқарұлы Нұртаза және ОҚМА жастар саясаты бөлім қызметкерлері мен студенттер қатысты.
Аталған шараны ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы, модератор Е.Сәлім бастап, қонақтармен таныстырып, іс-шара мақсатын атап өтті.

Сөз кезегін алған кездесу қонағы Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Асқарұлы Нұртаза студенттерге діни экстремизмнің алдын алу және терроризмнің психологиялық әдіс тәсілдері жайлы кеңінен тоқталып, айтып өтті. Әлеуметтік желідегі теріс ағымның жетегіне ермеулеріне және дін саласындағы ақпаратты дінтанушы, мешіт имамынан, сала маманынан алу керектігін айтты.
Іс шараны қорытындылаған Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы студенттерді жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.

13.01.2023, 17:23
734 қаралым