Қазақ тілін білу деңгейін бағалау

ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан Республикасындағы азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы болып анықталған. Қазіргі кезде тестілеудің мемлекеттік стандартына сәйкес тілдік білімді бағалаудың отандық жүйесін құру және осы жүйенің құрылымын, мазмұнын, ұйымдастыру және басқару тетіктерін қалыптастыру өзекті мәселе болып табылады. 

1265 4

ҚАЗтесттің мәні Қазақстан Республикасында азаматтардың қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесін енгізу және жүйені іске асыру жөніндегі базаны қалыптастыру болып табылады. 

1265 5

Осы жүйені іске асыру мақсатында 2018 жылғы 6 - 9 қараша күндері Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы акционерлік қоғамының қызметкерлерінен ҚАЗтестке жауапты Ж.Б. Байдыбекованың ұйымдастыруымен, Шымкент қалалық тілдерді оқыту орталығының мамандарымен бірлесе отырып, қазақ тілін білу деңгейін бағалау мақсатында ҚАЗтест алынды. Қазтесттен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 600 қызметкері өткізілді.

22.11.2018, 00:07
246 қаралым