Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік
2017 жылдың 26 қаңтар күні сағат 15.00-де академияның үлкен мәжіліс залында Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері» жөніндегі үндеуі академия басшыларының мен профессорлық-оқытушы құрам, бөлім қызметкерлерінің қатысуымен тыңдалды. Іс-шараны ОҚМФА оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор М.Анартаева ашып, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік пәндер» кафедрасының меңгерушісі М.Ә.Жанысбеков баяндама жасады. Арнайы дайындалған слайдтар мен Үндеу жазылған бейнетаспа көрсетілді.
2017 жылдың 2 ақпан күні сағат 15.00-де ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік " атты халыққа жолдаған Жолдауы бойынша жиналыс өткізілді. Жиналысқа академия басшылары, профессорлық-оқытушы құрам, бөлім қызметкерлері және студенттер қатысты. Аталған жиналыста «Әлеуметтіқ-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Қ.Б.Кемелбеков жолдау бойынша, Әл-Фараби аудандық әкімшілігі мәдени-ағарту бөлімінің басшысы Оспанов Жәнібек Оралбекұлы мен ОҚО Шымкент қалалық Ішкі саясат басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Байғұлов Руслан Бақытжанұлы баяндама жасады.