Қазақстандық және ресейлік трансплантологтар Шымкентте кездесті: ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды

1648 1

«Ресей Федерациясындағы трансплантологияның өзекті мәселелері және Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы қызметтерді дамыту» атты халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференцияны аша отырып, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ш.Ж.Мұқан «2013-2020 жылдары Шымкент қаласының №1 Қалалық клиникалық ауруханасының базасында бауыр мен бүйректі ауыстыру бойынша 175 операция жасалды». –дей келе, «Шымкент қазақстандықтар мен алыс және жақын шетел саяхатшылары үшін визит карточкасы болып табылады. Коронавирустық инфекцияның пандемиясы туристер ағымына әсер етті. Медициналық туризм сияқты маңызды сегментте олардың саны азайды. Дегенмен, үшінші мегаполис әкімшілігі ішкі, сыртқы туризмді дамытуға ғана емес, медицина саласына, соның ішінде трансплантологияға да қолдау көрсетуге дайын», - деп сөзін жалғастырды.

1648 2

Конференция модераторы, ОҚМА ректоры М.М. Рысбеков барлық қатысушылар мен қонақтарға онлайн форматта диалог алаңында кездесіп, ұзақ мерзімді перспективаларды талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді. М.М. Рысбеков конференция басталмас бұрын Ресей Федерациясы Мәскеу қаласы Денсаулық сақтау департаментінің Н.В. Склифосов атындағы Жедел жәрдем ҒЗИ, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы және Шымкент қаласының №1 Қалалық клиникалық ауруханасы арасында ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға ресми түрде қол қойылғанын атап өтті.

1648 3

Н.В. Склифосовский атындағы Жедел жәрдем ҒЗИ шұғыл қызметтерінің құрылу тарихы мен жұмысы туралы профессор М.М. Новрузбеков айтып берді. Н.В. Склифосовский атындағы ҒЗИ-да трансплантация қызметін дамыту туралы доцент О.Д. Олисов баяндама жасады.

ҚР ДСМ транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың қызметі туралы кеңейтілген ақпаратпен коооординатор В.П. Маджуга сөз сөйледі.

Шымкент және Түркістан облыстарында транспланттау қызметінің қалыптасуы туралы қатысушыларды №1 ҚКА бас дәрігері А.Ж. Донбай таныстырды. Оған әкімдік, қалалық денсаулық сақтау басқармасы, емдеу мекемелері, ЖОО және ғылыми қоғамдастық өкілдері кірді. Жалпы күш-жігердің арқасында Шымкент пен облыста трансплантология бюджетті толықтырудың маңызды көздерінің бірі ретінде дамитын болады.

Конференция жұмысына Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Д. Позилов қатысып, сөз сөйледі.

1648 4

4-5 наурызда №1 ҚКА операциялық бөлмесінен тірі туыс донордан бауырды транспланттау бойынша онлайн-көрсетілім жоспарланған.

Конференция жұма күні қорытынды жасаумен аяқталады.

 

Райхан Шаймерденова

 

 

03.03.2021, 08:07
436 қаралым