ҚАЗАҚСТАНДА ОҚМФА ЖӘНЕ ІРІ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ БАСТАМАСЫМЕН БІРІНШІ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КЛАСТЕРЛІК АССОЦИАЦИЯ ҚҰРЫЛДЫ

578 1

Жақында «Rixos Khadisha Shymkent» отелінде Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық кластерлік ассоциациясын құру жайлы құрылтайшылық құжаттарға қол қойылды. Ассоциация құруға ОҚО аймақтық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстандағы жалғыз фармацевтикалық жоо -  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академия қызығушылық білдірді.

578 2

Заңды тұлғалардың қоғамдық ұйымы Оңтүстік Қазақстан өндірістік және сауда бағыттағы, емдеу -  алдын алу ұйымдары  (соның ішінде жеке клиникалар)  мүддесінің өкілі болып табылады. Соңғысы жаңа отандық дәрілік препараттардың клиникалық зерттеулерінің толық циклын жүргізеді.

578 3

Кластер жақын болашақта ҚР 2015-2019 жж., немесе екінші бесжылдықта Қазақстанның құрылып жатқан үш аймақтық кластерлері ретінде  индустриалды – инновациялық даму бағдарламасына ену міндетін алға қояды. Және жаңа отандық дәрілік препараттар өндірісіне жаңа бастама береді. 

578 4

ЗТҰ ассоциациясының құрылтайшылық құжаттарын: Ж.К.Дулатов – «ОҚО аймақтық кәсіпкерлер палатасы» Қоғамдық ұйымының  директоры, П.Милднер – «Химфарм» АҚ бас директоры, А. А.Е.Мауленкулов -  «KAZMEDPRIBOR Holding» ЖШС директоры, М.К.Битемиров - «НПО «Зерде» ЖШС директоры, Н.М.Таласов - «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС директоры, Б.Д.Сексенбаев - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының ректоры, Х.Д. Альжанова – ОҚО «Даму» фармацевтикалық және медициналық ұйымдар ассоциациясының  директоры және т.б.

578 5

ОҚО АКП – на үйлестіру рөлі берілген, ОҚМФА-ға үш міндет жүктелген: жоғары білікті кадрлар даярлау, соның ішінде біліктілікті жоғарылату, тәжірибелік фармация мен медицинаға ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми және кадрлық орта, өндіріс пен  бизнес-құрылым арасында кооперацияны және коммуникативтік байланыстар орнату.

578 6

Ассоциация құрамы және олардың міндетін бекіту бойынша бірінші мәжіліс өткізілді. Айтып өту керек, бұл  ірі бизнес бастаған бірінші кластерлік Ассоциация.

Модераторы денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік даму АКП ОҚО басшысы, ОҚМФА ғылыми- клиникалық жұмыс бойынша проректоры  Б.К. Нурмашев болды.

Райхан ШАЙМЕРДЕНОВА, ОҚМФА ғылыми журналының редакторы.

29.06.2015, 04:04
555 қаралым