Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Еліміздіңеркіндігі - Тәуелсіздік» салтанатты іс-шара
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында, 2017 жылдың 14 желтоқсанында қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасында «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты салтанатты іс-шара өткізілді.
Қазақстан үшін Тәуелсіздік күні мемлекеттік егемендіктің идеясын бейнелеу ретінде тарихқа еңгізілді. Бұл күннің маңыздылығы – Қазақстан халықтарының бірлігін күшейтужәне нығайту.
Салтанатты іс-шарада құттықтау сөзін қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының меңгерушісі С.Х. Амандыкова алып, барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміздің соңғы 26 жыл ішіндегі жетістіктерін атап өтті.
Салтанатты іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, көрермендерге қазақ халқының зұлматқа ұшырауы, қазақ интеллигенциясына қарсы жасалған саяси қуғын-сүргін шаралары, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары туралы деректі кадрлар көрсетіліп, жоғары эмоционалдық көңіл-күйдің атмосферасын, елге деген мақтаныш сезімін тудырды.
Ата-бабаларымыз аңсап жеткен Тәуелсіздік еліміздің тарихының ақ дақтарын зерттеуге және толтыруға мүмкіндік берді. Өткенді білмей, болашақты қалыптастыру, тәуелсіз Қазақстанның шынайы патриоттарын тәрбиелеу, қоғамдағы тарихи сананы қалыптастыру мүмкін емес.