Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 - жылдығына арналған ІІІ Халықаралық конференция

2016 жылы 21-22 сәуір айында Алматы қаласында, Қазақстан Республикасының 25 - жылдығына арналған «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА: ЖАСТАРДЫҢ ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАСЫ» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІІІ Халықаралық ғылыми -  тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция жұмысына кафедра магистранттары Т.Полукчи, С.Батырханова, резиденттері К.Мамадалиева, М.Бабаназарова, Н.Аитбаева, А. Шегебаева, сонымен қатар, 5 курс ҚДС мамандығының студенттері А.Жуніс, Г.Жұмаділлә, Г.Түймебаева. Олардың ғылыми жетекшілері жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының қызметкерлері Г.Н.Абуова, Ф.А.Бердалиева, К.Ж.Жумагулова, Н.А. Ирсимбетова қатысты.

769 1 

Конференцияның ғылыми бағыттары: хирургия, иммунология, инфекциялық патологиялар, эпидемиология, педиатрия, қоғамдық денсаулық сақтау және т.б.

769 2 

Профессор Г.Н.Абуова жетекшілігімен бірінші оқу жылының магистранттары Т.Полукчи  «Результаты применения непрямой эластометрии в диагностике диффузных заболеваний печени в ЮКО» және С.Батырханова «Особенности проявлений бруцеллеза у детей в ЮКО» атты баяндамаларын жасады.

769 3

Ф.А.Бердалиева, К.Ж.Жумагулова жетекшілігімен бірінші оқу жылының резиденттері К.Мамадалиева, М.Бабаназарова «Клинический случай тяжелого токсического гепатита на фоне приема парацетамола»  атты және Н.Аитбаева, А.Шегебаева «Клинико – диагностические характеристики цитомегаловирусной инфекции у детей в ЮКО» тақырыптарында баяндады.

05.05.2016, 00:18
522 қаралым