Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациялары арасындағы ІІ республикалық дебат турнирі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Кубогі үшін Ақтау қаласында 2017 жылдың 29-30 қараша күндері аралығында ІІ республикалық дебат турнирі өтті. Турнир барысында "Цифрлық Қазақстан", "Латын әліпбиі", "Еңбек даулары", "Еңбек кодексіндегі өзгерістер мен толықтырулар" т.б. тақырыптар талқыланды. Сайысқа республиканың жеті аймағынан 20 команда қатысты.
Қазақстандық Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің атынан ОҚМФА кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Қ. Сәлім қатысты.
Кәсіподақ ұйымының бірлігі мен қатарының нығая түсуіне сала қызметкерлерінің заңды құқықтары мен мүдделерін кәсіподақ арқылы қорғап, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуінде терең ойлы, өткір тілді көшбасшы Е.Қ.Сәлім сайыскерлерді өзінің ерекше қабілетімен тәнті етіп "Үздік ойыншы" номинациясы бойынша марапатталып, І орын - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Кубогін жеңіп алды.