Қазақстан Халқының Бірлігі Күні

 

550 1

Қазақстан Халқының Бірлігі Күнін шет тілдері кафедрасы ОҚМФА акт залының сахнасында  үлкен мерекелік іс-шара ұйымдастырып, өткізді. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған ұлт өкілдері мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетті. Қазақ, грузин, ұйғыр, корей, татар, түрік, украин және орыс халықтарының ұлттық киімдерін  киген студенттер қонақтар назарына әр ұлттың тағамдарынан дәм татуға ұсынды.

550 2 2

550 3

550 4

550 5

550 6

14.05.2015, 22:22
522 қаралым