Қазақстан халқы Ассамблеясы

«Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасында 2015  жылдың 26 қаңтар және 6 ақпан аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Бүгінгі келісім-болашақ кепілі», «Мемлекет күші-ел бірлігінде» атты тақырыпта тәлімгерлік топтарда дөңгелек үстел өткізілді.

Тәлімгерлік сағат өткізу барысында барлық топтарда көп ұлтты мемлекетіміздің негізгі қағидалары,  Қазақстан республикасының «сенімділік, салт-дәстүр, ықпалдастық, тұрақтылық» түсінігі туралы мәселелер талқыланды.

Кафедраның аға оқытушысы С.А.Оразбаева Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біркелкілікті  және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету. Сонымен қатар студенттер де өз пікірлерін білдіріп, баяндамалар оқып, белсенді қатысты.

 

08.02.2015, 16:42
688 қаралым