Қазақстан ассамблеясының 20 жылдығына орай «Мың бала» атты өзге ұлт студенттері арасындағы іс-шара

2015 жылы 27 ақпанда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы тәрбие ісі бөлімі және қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен түрлі ұлттар мен ұлыстарды бір шаңырақ астына біріктірген Ассамблеяның айтулы мерекесіне орай  «Мың бала» атты өзге ұлт студенттері арасында іс-шара өткізілді. Кафедра меңгерушісі Е.Қ.Сәлім жастарға тіл – татулық тірегі, еліміздің халықтар арасындағы татулықты, достықты дәріптеді. 

Қазақстан алуан ұлтты бауырына басқан, бейбітшілік пен татулықты әлемге үлгі еткен, достық пен ынтымақ елі. Қазақстанда 130 - дан астам ұлт өкілдері бар. Олар бір ананың баласындай бір шаңырақ астында еңбек етіп, тату тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл қазақ халқымыздың кеңдігін, бірлігін, ұйымшылдығын, ынтымақтығын білдіреді. Сол үшін біз шаттанамыз, туған отанымызды мақтан етеміз. Біздің жүрегіміз бейбітшілікті қалайды. Сондықтанда да достар бәріміз бейбітшілік туын жоғары көтеріп, болашаққа нық қадам басайық. 

 

03.03.2015, 18:15
681 қаралым