«Қазақстан – 2050» көптілділік стратегиясы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» саясатын қолдай отырып, 2015 жылдың 28 сәуір күні орыс тілі кафедрасының ұжымы қазақ тілі және шет тілдер кафедраларын біріктіре «Полиязычие в свете выполнения стратегии «Казахстан – 2050» атты кафедрааралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды.
Конференция барысында 305 МІО тобының студенті Досанова А., 205 ФО тобының студенті Мурамет Р., 101 ФҚ тобының студенттері Жарылқасын А., Рейс Е., 104 ФҚ студенті Зиябек А., 103 МПД тобының студенті Бекбосын М. «Multilingualism», «Картина мира в названиях ягод в русском, казахском и английском языках», «Причины возникновения и развития молодёжного сленга», «Слова-паразиты в речи», «Пословицы и поговорки на занятиях русского языка», «Интеграция высшего образования Казахстана в мировую образовательную среду» атты баяндамаларымен ерекше көзге түсті.
Іс-шара соңында студенттер пікір алмасып сертификаттарға ие болды.
Дайындаған: Кожахметова С.Н.