Қазақ хандығына 550 жыл

676 1

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Қазақ хандығына – 550 жыл» бағдарламасы  аясында студенттердің ғылыми тәжірибелік конференциясы өткізілді.

676 2

Іс-шараның мақсаты: Қазақстанның мәдениеті мен тарихы туралы студенттерге қосымша ақпараттық материал беру.

«Қазақ хандығына-550 жыл» атты ғылыми тәжірибелік конференцияның бірінші кезеңде «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасында студенттер арасында тақырыпқа байланысты мәнерлеп оқу, сурет салу, баяндама оқу сайысы өткізілді. Конференцияға кафедрада барлық мамандықтар бойынша оқитын 1,2 курс 40-қа жуық студенттері мен кафедраның  барлық оқытушылары қатысты. Жүлделі орынға ие болған Уринбаева Д. 203 КДСО тобы, Гайбуллаева Ғ. – 202 МПДА тобы, Кульматова А. – 203 КДСО тобының студенттері академия тарапынан грамоталармен марапатталды.

676 3

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның екінші кезеңінде ОҚМФА акт залында концерттік бағдарлама өтті. «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Қ.Б.Кемелбеков  студенттер мен оқытушыларды Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтап, іс-шараның маңызы жайлы қысқаша айтып өтті.

676 4

Концерт барысында студенттер тақырыпқа байланысты әндер шырқап, би биледі. Студенттер «Сұлтандар кеңесі» тақырыбында көрініс дайындап, өз өнерлерін көрсетті. 

676 5

08.12.2015, 04:21
387 қаралым