«Ахмет Байтұрсынұлы - ұлт ұстазы» іс-шарасының өткізілуі туралы

3.11.2023 ж. Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасында фармация топтарына «Ахмет Байтұрсынұлы - ұлт ұстазы» атты тәрбие іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілді.
Алғы сөз аға оқытушы Г.М.Утегеноваға берілді. Ол А.Байтұрсынұлы ұлттық жазудың реформаторы, ұлы ағартушы педагог, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі, қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, көрнекті лингвист, түркітанушы, ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы екенін айтып өтті.


Студенттер тарапынан Ахмет Байтұрсынұлы өмірбаяны және шығармашылығына шолу жасап, қызықты баяндамалар, өлең оқылып, бейне фильмдер көрсетіліп, сонымен қатар, тест сұрақтары қойылып, тақырыптық қабырға газеттерінің көрмесі өтті.


Қонақтар мен студенттер іс-шараға белсене қатысып, өз ойларымен бөлісіп, қатысушыларға өз разылығын білдірді.
Кафедра атынан белсене қатысқан студенттерге алғыс айтылды.

09.11.2023, 17:00
206 қаралым