«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қалалық байқау»
2025 жылдың 18 сәуір күні Шымкент қаласында мұғалімдер арасындаАхмет Байтұрсынұлы атындағы қалалық байқау өтті. Байқауды Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бастамасымен «Шымкент қалалық тілдерді оқыту- әдістемелік орталығы» ҚР тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс –қимыл жоспарына сәйкес ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты –мемлекеттік тілді оқытып жүрген шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқытушыларды анықтау, қолдау, марапаттау, оқытушылардың өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыру, оқытушылардың беделін көтеру. Байқауға өзге тілді аудиторияларда қазақ тілінен сабақ беретін 10 оқытушы қатысты.
Байқау 3 кезеңнен тұрды: бірінші кезең: «Қазақ тілі сабағында заманауи технологияларды тиімді пайдалану», презентация арқылы Қазақ тілін оқытуда заманауи технологияларды қолдана отырып сабақ үлгісін дайындау. Екінші кезең: Тілді оқытуда озық тәжірибелерді тиімді пайдалану әдістерін көрсету, әдістемелігімен бөлісу, қорғау. Үшінші кезең: тіл үйренушілерге сөйлеу әрекетінің 4 түрі бойынша тапсырмаларды орындату.
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушысы Асия Амангелдіқызы Исабекова байқауға қатысып, ІІІ орынға ие болды.Асия Амангелдқызына шығармашылық табыс тілейміз. Марапат құтты болсын!
