Ауыр жарақаттар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету курсы
ОҚМА-ның Тәжірибелік дағдылар орталығында 2019 жылдың 16-18 сәуірінде Халықаралық Қызыл Крест Комитеті өкілдері Юриан Реурингс және Абдул Фатах академия қызметкерлері мен ҚР медициналық ұйымдар өкілдері арасында ауыр жарақаттар жағдайындағы шұғыл медициналық іс-шаралар бойынша тренинг өткізді.
Халықаралық Қызыл Крест Комитеті (ХҚКК) - қарулы қақтығыстар мен зардап шеккен адамдарға көмек көрсететін халықаралық гуманитарлық құқықтың қорғаншысы болуға уәкілетті бүкіл әлемде жұмыс істейтін гуманитарлық ұйым.
Тренинг барысында қатысушылар АВСЕ жүйесі бойынша алғашқы және екінші реттік тексеру және алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері, жәбірленушіні тасымалдау ережелері, бұқаралық инциденттер кезінде әрекет ету қағидалары қарастырылды.
Тренинг теориялық, демонстрациялық бөліктері және тыныс алу жолдарының жетіспеушілігі, қан кетуі, шок, күйіктер кезінде көмек беру бойынша практикалық бөлігінен тұрды.
Тренинг нәтижелері бойынша қатысушылар сертификаттарға ие болды.