Астанада «Шапағат-2015» республикалық өнертапқыштар байқауының жеңімпаздарын марапаттады
2015 жылдың 25 сәуір күні - өнертабыстар саласындағы XII жетістігіміз - «Шапағат» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті
Өнертабыс саласындағы жетістіктердің XII Республикалық «Шапағат-2015» конкурсына қатысуға келесі санаттар үшін 281 өтініш келіп түсті: «Жылдың өнертабысы» - 108 өтініш, «Әйел - өнертапқыш» - 38 өтініш, «Ең жас өнертапқыш» - 10 өтініш, «Жас талант» - 88 өтініш, «Ең белсенді өнертапқыш» - 37 өтініш.
Марапаттау рәсіміне мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, ғылыми топтардың, даму институттарының, инновациялық орталықтардың, жоғары оқу орындарының, патенттік сенім білдірілген және құрметті қонақтар өкілдері қатысты.
Марапаттау рәсіміне ҚР Әділет министрінің орынбасары Б.Әбдірайым ашты, конкурстың жеңімпаздарын ҚР Білім және ғылым Вице-министрі Е.Иманғалиев, ҚР Инвестициялар және даму Вице-министрі Е.Сагадиев қатысты.
Конкурс номинациялары бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрі, Білім және ғылым министрі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі бірлескен бұйрығымен бекітілген «өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің республикалық байқауының ережесіне» сәйкес өтті.
«Шапағат-2015», «Жылдың өнертабысы» номинациясының биылғы жеңімпазы №28650 инновациялық патент, яғни «Шұңқыр кеуде хирургиялық емдеу әдісі» өнертабысы ерекше көзге түсті. Аталған жұмыстың иесі - шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының (Шымкент)» профессоры, Мемлекеттік сыйлық лауреаты, осы өнертабыс авторы А.Қ.Қарабеков және ассистенттері Н.С.Нарходжаев, Е.Т.Бектаев болып табылады.
Салтанатты марапаттау рәсімі барысында «Шығармашылық сарайының» холлында патенттелген келешегі бар өнетабыстардың көрмесі өтті, оған тек өнертапқыштар ғана емес, сонымен бірге инвесторлар және кәсіпкерлер де қатысты.
Уақыт «Шапағат» Республикалық байқауының беделі мен мәртебесі жылдан жылға зор мәнге ие болып жатқандығын көрсетті. Байқау қоғамымыздың жоғары зиялы ғылыми топтарының арасынан ең лайықты адамдарды белгілейді. «Шапағат» республикалық байқауы өнертапқыш пен инвестор арасындағы диалогтың түрі, сондай-ақ біздің еліміздегі инновациялық қызметті кеңінен әйгілеудің жаңа ілгерішіл мүмкіндігі болып табылады. Көрме аясында қатысушылар өздерінің жобаларына инвестиция тарту мақсатында өздерінің жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік алды.
Республикалық «Шапағат» байқауы өнертапқыштар мен инвесторлар арасындағы диалогты жарқын нысаны, біздің еліміздегі инновациялық жаңа прогрессивті дәріптеу мүмкіндігі болып табылады.