АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ЖАЛПЫ ТӘЖІРБИЕЛІ ДӘРІГЕР-1 » КАФЕДРАСЫНЫҢ М.Ғ.К. Н.Н.БЕКЕНОВТЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҒЫ

13.11.2023 ж.- 24.11.2023 ж. аралығында «Жалпы тәжірбиелі дәрігер -1 » кафедрасының м.ғ.к., доценті Н.Н. Бекенов Астана медицина университетінде «Балалар аурулары кардиоревматология және гастроэнтерология курсымен» кафедрасында 7 курс 777 топ дәрігер интерндерімен «ЖТД практикасындағы балаларға амбулаторлық көмек көрсету» модулімен тәжірбиелік сабақ өтті. Пән модулінің силлабустағы тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалау, тәжірибе алмасу, модульдік жүйені оқытудың бірыңғай нәтижелерін өңдеу қағидаттарымен танысу, тест түрінде бақылау парақтарын дайындау (тесттер, ситуациялық есептер, практикалық дағдылар) бойынша жұмыс жүргізді.

Астана қаласының қалалық балалар ауруханыснда дәрігер интерндермен және кафедра меңгерушісі С.Т.Абдрахманова, бөлім меңгерушісі А.К.Султановамен бірге күрделі соматикалық аурулар бөлімінде ауруларға шолу жасады.
- 2-ші жыл оқитын дәрігер интерндердің аралық бақылауына қатысты

- кафедра меңгерушісі С.Т.Абдрахманованың 7 курс дәрігер интердеріне арналған «Емхана жағдайындағы балалардың кардиомиопатиясы.Оларды жүргізу және бақылау тактикасы.Тиімді диспансеризацияның критерийлері».
- «Дүниежүзілік педиатрлар күніне арналған үлкен Еврзаиялыық педиатрлар мектебі» атты халықаралық конференцияға қатысты.
«Астана медицина университеті» КЕАҚ, және «ОҚМА» АҚ арасында ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлары жасалды. Ынтымақтастықтың, тәжірибе, білім алмасудың маңыздылығын атап өтіп, сертификат табысталды.
Сапар соңында оқытушылар жылы лебіздерін білдіріп, оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде жоғары оқу орындарының одан әрі белсенді ынтымақтастығы туралы куәландырды.

28.12.2023, 10:45
470 қаралым