АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА «ОҚМА» АҚ СТУДЕНТТЕРІ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ АЛДЫ

2022 жылдың 5 мамыр күні Астана медицина университетінде фармацевтика факультетінің 20 жылдығына арналған «Заманауи фармация: білім берудегі жаңа тәсілдер және өзекті зерттеулер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында біздің студенттер жүлделі орындарды иеленді.

 

Андасбек Айгерім – І дәрежелі диплом

 

Алибекова Адина – І дәрежелі диплом

 

Ғылыми жетекшілері – фармакогнозия кафедрасының профессор-оқытушы құрамы: Орынбасарова К.К., Рахманова Г.С., Ибрагимова З.Е.

Студенттер фармакогнозия кафедрасының «Фитохимик» студенттік ғылыми үйірмесінің мүшелері.
В-ФҚА-01-19 тобының студенті Андасбек Айгерім «Синтетикалық және табиғи жаңа дәрілік препараттарды әзірлеу» бөлімінде «Құмды ебелек (Сeratocarpus arenarius l.) шөбін фитохимиялық талдау» атты жұмысын баяндап, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ал «Дәрілік заттардың сапасын бақылау, стандарттау және сертификаттау» секциясында В-ФҚB-01-19 тобының студенті Алибекова Адина «Бунге киікотының (Zizphora Bungeana) жер үсті бөлігінің тауарлық талдауы» тақырыбында баяндама жасап, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Студенттерге ғылыми қызметте одан әрі шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер, кәсіби және тұлғалық тұрғыдан шабыт пен даму тілейміз.

12.05.2022, 15:32
353 қаралым