Қашықтықтан оқыту жағдайында клиникалық практика бойынша медициналық ЖОО-ға арналған Вебинар

Қашықтықтан оқытуға көшу әр түрлі сабақтарды ұйымдастыру және өткізу үшін белгілі бір процедураларды, кәсіби практиканы өткізу үшін ерекше процедураларды әзірлеуді талап етеді. Егер әр түрлі ақпараттық платформаларды пайдалану бойынша сұрақтар іс жүзінде туындамаса, онда тапсырмалардың сапасы бойынша, клиникалық практиканы бағалаудың әдістері мен формалары медициналық білім беру қауымдастығымен кеңінен талқылануы қажет .

1519 1

Осы мақсатта 2020ж. 3 сәуірде сағат 14.00-де Zoom платформасында "Мейірбике ісі" білім беру бағдарламасы студенттерінің медициналық университеттермен клиникалық тәжірибе өткізу мәселелерін талқылау ұйымдастырылды. Материалды ОҚМА жедел медициналық көмек және мейірбике ісі кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Сейдахметова А.А. "Қашықтықтан оқыту жағдайында клиникалық практиканы ұйымдастыру және өткізу" тақырыбында ұсынды.

Мәселелерді талқылауға барлық Қазақстандық медициналық жоғары оқу орындары, 30-дан астам қатысушы қатысты.

Презентацияда Клиникалық мейірбикелік басшылықтарға сілтемелер ұсынылды, күтім және дәлелді мейірбикелік практика бойынша бейнематериалдар, Мейірбике ісі бойынша вебинарлар (мейірбике ісіндегі этика, мейірбике ісіндегі зерттеулер, медбикелерге арналған коммуникативті дағдылар), дәлелді мейірбикелік практика базалары, мейірбике ісін жетілдіру орталығының сайты. Сонымен қатар, Platonus ақпараттық жүйесінде өндірістік тәжірибе бойынша студенттерге арналған тапсырмаларды "Тапсырма" модуліне енгізу бойынша ZOOM, Hangouts, Webex Meet, эл.пошта, ватсап және т.б. жұмыс жасау көрсетілді. Студент күнделікті Platonus ақпараттық жүйесінде орналастырылған электронды күнделік толтыратын болады, студенттерге арналған тапсырмалардың мысалдары көрсетілген.

Баяндамадан кейін қатысушылар практика өткізуді ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Медициналық жоғары оқу орындарының әріптестерімен практикалық дағдыларды орындау алгоритмі, студенттердің өндірістік практика бойынша электрондық күнделіктерін толтыру және формасы, келесі оқу жылына тәжірибені ауыстыру, педагогикалық практиканы өткізу бойынша сұрақтар қойылды.

05.04.2020, 07:36
332 қаралым