«Ашық сабақ апталығы»

15.02.2016-20.02.2016жж. аралығында «Дәрілер технологиясы» кафедрасында 5В110300 «Фармация» мамандығы бойынша 5 курс студенттерімен «Дәрілер технологиясы» пәнінен «Суппозиторийлер. Суппозиторийлерді құю әдісімен дайындау» тақырыбында  мемлекеттік және орыс тілдерінде  оқытудың TBL- әдісімен ашық сабақ апталығы өткізілді.    

TBL әдісінің негізгі мақсаты студенттерді командамен жұмыс істеуге баулу.

Сабақ барысында студенттердің командамен жұмыс істеуге бейімділігін анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде студенттер командаларға бөлінді. Студенттердің дайындығын бағалау үшін жеке тестілеу және топтық тестілеу жүргізілді.

739 1

Тест нәтижелері бойынша командалардың кейбір сұрақтарын аппеляцияға беріп, балл қосып алу мүмкіндігі болды.

Топтық жұмыс жүргізу барысында әр команда өз бетінше дайындаған презентацияларын қорғады.

739 2

Теориялық талқылау жүргізіліп болған соң, командалар алдын–ала берілген тапсырма бойынша қалыпқа құю әдісімен суппозиторийлер дайындады.

Сабақтың жүргізу ерекшелігі - студенттер білімі әр кезенде бағаланып отырды.  Сабақ соңында қорытынды баға қойылды.

739 3

Ашық сабақтарға инновациялық технологиялар методист-маманы Пан А.В.,ЖӘК мүшесі Алиханова Х.Б., фарм.ғ.д.,профессор, ФУБҰ каф.меңгерушісі Шертаева К.Д., фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі Ордабаева С.К.,фарм.фак.деканы Орынбасарова К.К, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының профессор м.а. Сопбекова А.О., кафедра меңгерушісі Сағындықова Б.А. және кафедра оқытушылары қатысты.

Сабақ жоғары мектеп талаптарына сәйкес өткізілді. Сабаққа белсенді қатысуы және сауалнама нәтижесі студенттер қызығушылығын көрсетті. 

27.02.2016, 06:31
481 қаралым