«Аса қауіпті, карантинді инфекциялардың алдын алу іс шаралары бойынша» cеминары

2024-жылдың 09-ақпанында Шымкент жоғары медицина колледжінің мәжіліс залында Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен, медициналық қызметкерлер арасында «Аса қауіпті, карантинді инфекциялардың алдын алу іс шаралары бойынша» семинар өткізілді. Семинарға қалалық медицина ұйымдарының, аурухана мен емхана басшылары, емдеу ісі бойынша орынбасарлар, инфекционист дәрігерлер, гинеколог, хирург, госпиталды эпидемиолог дәрігерлері қатысты.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жұқпалы аурулар мен дерматовенерология кафедрасының бөлім меңгерушісі м.ғ.к. профессор Г.Н Абуова және кафедра профессорлық оқытушылар құрамы, Бердалиева Ф.А., Садыхова Д.К, Әуезханов С.П аса қауіпті инфекциялар және оларды емдеудегі заманауи өзекті мәселелер жөнінде баяндама жасады.

13.02.2024, 14:50
324 қаралым