«Армысың, Әз Наурыз»

2023 жылдың 17-Наурыз күні «Педиатрия-2» кафедрасының ассистенттері Г.М. Онласбекова, Г.Ш. Баймакова ұйымдастыруымен БББ «Педиатрия» 4-курс білім алушыларымен «Қош келдің, әз Наурыз» мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Мерекелік іс-шараға, ОҚМА «Педиатрия» 4-курсының В-ПҚА/Б-01-19, В-ПҚ-02-19 топтарының білім алушылары қатысты. Мерекеге әрбір топ белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, Қазақ халқының салт- дәстүрлерін дәріптеді.
Мереке жүргізушілері В-ПҚА -01-19 тобының білім алушылары Бахадир Жахангир және Мухамеджан Сабина.
Мерекелік іс-шараның мақсаты: Жер әлемді жайнатып келген Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру, білім алушыларды салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа үйрету, құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз қазақтың мейрамы екенін ашып көрсету.
Көппен біткен іс сәнді –
Көппен біткен ас дәмді»,- дей отырып ең бірінші білім алушылар Мерекені дастархан таныстырудан бастады. Дастарханда осы Наурыз мейрамының басты тағамы Наурыз көже және де одан басқа құрт, ірімшік, жент, майсөк деген сынды түрлі тағамдар қойылып, олардың шығу тарихы таныстырылып өтті. Жиналған қауым тағамдардан ауыз тиді.

Екінші кезекте білім алушылар осы Наурыз мейрамына байланысты Қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсететін көріністер құрды. В-ПҚ-02-19 тобы «Әжесінің салт-дәстүрді дәріптеуі» көрінісін көрсетті. Әжесі немерелеріне жаңа туылған «сәбиге азан шақырып ат қоюды», сонымен қатар сәбиді «қырық күндігінен» шығару дәстүрін көрсетті. В-ПҚБ-01-19 тобы қырқынан шығарылғаннан кейін жасалатын той-думан «Бесік той» көрінісін көрсетті, Бесік той тек отбасындағы тұңғыш нәресте дүниеге келгеннен кейін ғана жасалынады. В-ПҚА -01-19 тобы кішкентай Айзере қыздың тұсауын кесті.
Мерекелік той-думан В-ПҚ-02-19 тобының жасаған ойынымен жалғасты, ойында 8 ұяшықтың біреуін білім алушылар таңдап, сол ұяшықтан шыққан сұрақтарға жауап беру керек. Ұяшықтарда жеті қазынаны ата, Ақсүйек, алтыбақан, қазан шегелеу туралы керемет сұрақтар қойылды.
В-ПҚБ-01-19 тобы "Армандастар" әнін орындады. Мереке соңында «Педиатрия-2» кафедрасының доценті Ж.К.Жумабековке сөз берілді.

28.03.2023, 15:16
525 қаралым