Ардагерлер – біздің қазынамыз!
2017 жылдың 22 сәуір күні Шымкент қаласында орналасқан Ардагерлер үйінде концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Оған мұрындық болғандар – ОҚМФА «Гигиена-2» және «Гигиена-1 және эпидемиология» кафедралары, белсенді студенттері, 201 ФК, 203 ҚДС, 403 МПІ, 508 ҚДС академиялық топтарының студенттері.
Мерекелік іс-шараға қонақ ретінде ОҚМФА медициналық факультеті тәрбие бөлімінің басшысы Ғ.Д.Оразымбетова және тәрбие бөлімінің маманы Ж.О.Қамбарова шақырылды.
Іс-шараның мақсаты – ардагерлерге ілтипат пен қолдау көрсету. Аға буын – біздің мақтан ететін тірі тарихымыз, жоғары өнегенің, өмірлік оптимизмнің, рухани мәдениеттің үлгісі,- деп санайды ОҚМФА-ның белсенділері.
Алғы сөзді ОҚМФА медициналық факультеті тәрбие бөлімінің басшысы Ғ.Д.Оразымбетова алды. Іс-шара аясында студенттер ән айтты, шығармашылық туындылар, билер орындады. Концерт қарт адамдардың көңіл-күйін көтерді, және олар өздері де қуана концертке қосылды – студенттермен бірге ән айтып, би биледі. Мереке соңында Ардагерлер үйінің басшысы студенттерге алғысын білдіріп, олардың шығармашылық қабілеттерін атап өтті.
Ардагерлер өздеріне көрсетілген ілтипат үшін ризашылығын білдірді, көптеген ізгі тілектер мен жақсы сөздер айтылды. Өз кезегінде, ардагерлер осындай іс-шаралардың мұнан былай өз жалғасын табуына тілекттерін білдірді.