«Ардагер аналарға құрмет: Жүрек жылуы мен қамқорлық» тақырыбында 8 – наурыз Аналар күніне арнаған іс- шара
Бүгін көктемнің алғашқы мерекесі аналар күнінде, ОҚМА-ның « Отбасылық медицина» кафедрасының профессор оқытушылық құрамы интерн дәрігерлерімен бірге Шымкент қалалық №-8 емханасына тіркелген 11- Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері әжелерімізді аралап, аналар күнімен құттықтап шықты. Тыл ардагерлеріне диспансерлік қарауды «Отбасылық медицина» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., қауым. Профессор Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы, профессор Самченко Игорь Александрович және жоғары санатты терапевт, кафедра асситенті Аташова Кумисай Кулдыраковна мен жалпы тәжірибелік дәрігер , кафедра ассистенті Нарзуллаева Динара Сабыржановна жасады. Майдангер әжелерімізден сол жерде холестерин, қандағы глюкоза деңгейін анықтау анализдері алынып, көз түбі қысымы өлшеніп, ЭКГ түсірілді.
Әжелеріміз дәрігерлерге қажетті сұрақтарын қойды, экг талдамалары мен зерттеулер қорытындыларына сәйкес ішіп жатқан препараттардың дозаларына коррекция жасалынды, кейбіріне ем тағайындалып, үйге стационарлы ем ұсынылды. Мереке қарсаңында ОҚМА-ның « Отбасылық медицина» кафедрасының профессор оқытушылық құрамы қалалық 8-емхана ұжымымен бірлесіп жасаған үлкен іс шарасы майдангер әжелеріміздің қуанышты риясыз күлкісімен, ыстық ықыластарымен, алғыстарымен аяқталды. Ауыр күндерді бастан өткерген, қанды соғыста тылды игерген әжелеріміздің жүрегінде үлкен тарих жатыр. Кешегі батыр қыздар, бүгінгі ардагер аналарға деген құрмет, қолдау көрсету, жылулық пен қуаныш сыйлау біздің парызымыз.
Сондай-ақ тәрбиелік мақсатта Кафедраның ПОҚ -мен бірге барған Интерн дәрігерлері де үйдегі науқастарды қарауды , ауыр науқастарды қараудағы маңызды мәселелерді өз көздерімен көріп тәжірибе алып қайтты. Расымен біздің арамызда майдангер әжелеріміз аз қалды, денсаулығына байланысты ол кісілер емханаға келу мүмкіндіктері шектеулі, көбісі төсек тартып жатыр немесе мүгедектік арбаға таңылған. Отанымызды қорғауға үлкен үлес қосқан құрметті ардагерлерді құрмет тұту біздің парызымыз.
