«Әр қазақ менің жалғызым» дәстүрлі фотобайқау
12.02.2024 Астана қаласында «Ақ жол» Демократиялық партиясы ұйымдастырған «Әр қазақ менің жалғызым» дәстүрлі фотобайқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – портреттік, тақырыптық және өзге де жанрдағы Қазақстанның әсем табиғатын, қарапайым еңбек адамдарының тұрмыс-тіршілігі мен келбетін, қазақ тарихының маңызды оқиғаларын, Алаш ұстанымын насихаттау, фотосурет арқылы олардың си¬паты мен мазмұнын ашу. Фото өнерімен айналысатын шығармашыл адамдардың қабілетін шыңдауға және оларға БАҚ пен жұртшылықтың назарын аударту.
Биылғы байқауға барлығы 31 автордан 160-қа тарта жұмыс келіп түскен. Жұмыстарды саралаған қазылар алқасының төрағасы Қайнар Олжай, және мүшелері фотожурналистер Мақсат Әділханов пен Ерлан Омаров секілді белгілі сала мамандары болған.
Аталған байқау «Кәсіби фотографтар» және «Әуесқой фототілшілер» арасында өткізілген, байқауда Шымкент қаласы ОҚМА-ның қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы Кемелхан Динара Жұбайханқызы «Әуесқой фототілшілер» бөлімінде «Алжир» фотосы үшін ІІ орын иеленіп, 200 мың сыйақымен және дипломмен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз!