Анкара Билкент Сити ауруханасындағы академиялық ұтқырлық
2024 жылғы 11-22 қараша аралығында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының» жобаларды басқару және коммерцияландыру офисінің меңгерушісі Бекарысова Дана Сапарғалиқызы Түркия астанасы Анкара қаласында орналасқан «Ankara Bilkent City Hospital-да» академиялық ұтқырлық аясында тағылымдамадан өтті.
Сапар барысында Дана Сапарғалиқызы «Ankara Bilkent City Hospital» жанындағы «Physical Medicine and Rehabilitation Hospital» клиникасында өз тәжірибесін шыңдады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында мекеменің бас дәрігері, профессор Эмре Адыгюзелмен, профессорлар Хатидже Бодур және Нэше Өзгиргинмен кездесіп, клиниканың жас мамандарымен танысты.
Д. С. Бекарысова тағылымдама барысында мекеменің тарихымен, ағымдағы қызметімен және құрылымымен танысты. Оған роботты оңалту, ми мен жұлын жарақаттарын қалпына келтіру, спорттық оңалту және емхананы қоса алғанда, негізгі бөлімшелерде тәжірибе өту мүмкіндігі берілді.
Клиниканың медициналық қызметкерлерімен қарым-қатынас барысында Д. С. Бекарысова «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясын» таныстырып, жобаларды басқару офисінің қызметі, академия ғалымдарының жобалық жұмысы мен жарияланымдық белсенділігі туралы ақпарат ұсынды. Одан бөлек Дана Сапарғалиқызы «Ankara Bilkent City Hospital-мен» одан әрі ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты. Клиника басшылығы бірлескен ғылыми жобаларды, жарияланымдарды дамыту туралы ұсынысқа оң баға беріп, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.