Ана тілім - мәнгілік тіл!
Тіл - ұлттың жаны, халықтың асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата заңмен қорғалатын, еркіндігінің үні. Әлем бойынша жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. Соның бірі біздің мемлекеттік тіліміз-қазақ тілі. Осыған орай, Қазақстан халқының Тілдер күніне шет тілдері кафедрасы ОҚМФА акт залының сахнасында үлкен мерекелік іс-шара ұйымдастырып, өткізді.
«Ана тілім- мәнгілік тіл» атты концерттік бағдарламаға кафедра қытушыларының қолдауымен, академия және колледж студенттері қатысып, өз өнерлерін көпшілікке көрсетті. Студенттер өздерінің қазақ тілін таза меңгере отырып, басқа тілге де көңіл бөлетіндіктерін көрсете білді. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде әр турлі әндер айтылып, ұлттық билер биленді. Концертті тамашалауға оқу әдістемелік және тәрбие жөніндегі проректоры Анартаева Мариям Ұласбекқызы, фармацевтика факультетінің деканы Жумабаев Нарбек Жұмабаевич және кафедра меңгерушілері келді.