«Ана мен бала денсаулығын қорғау»
2015 жылдың 9-11 ақпан аралығында Жастар денсаулық орталығының ұйымдастыруымен «ҚДС 1», «ҚДС 2», «Терапия бакалавриат» кафедраларында 401, 402 МІН, 101, 201, 202, 505, 506 ҚДС тобының студенттері арасында «Ана мен бала денсаулығын қорғау» атты тақырыпта кеңестер өткізілді.
Ана мен бала денсаулығын қорғау сұрақтары әрбір адамға қатысты. Ана денсаулығы деп жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезіндегі әйелдер денсаулығын айтамыз. Жаңа туылған нәрестелер денсаулығы-олардың өмір сүруіндегі алғашқы айдағы денсаулығы.
Әлемнің кейбір аудандарындағы медико-санитарлық көмек алудағы әділетсіздік - жоғары ана өлімін және бай мен кедей арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Жалпы ана өлімі оқиғалары (99%) дамушы елдерде болып жатады. Осы оқиғалардың үштен бірі – Оңтүстік Азияда және басым көпшілігі - Африкадағы Сахара шөлінің оңтүстігінде кең таралған.
Әйелдер неге өледі?
Жүктілік және жүктіліктен кейінгі және туу кезіндегі асқынулардың өршуі нәтижесінде әйелдер өледі. Осы асқынулардың көбісі жүктілік кезінде өршиді және оларды болдырмауға болады. Жүктілікке дейін болған асқынулар жүктілік кезінде күшеюі мүмкін, әсіресе қадағалауда болмаса.
Аналар денсаулығын қалай қорғауға болады?
Ана денсаулығы мен жаңа туылған нәресте денсаулығы тығыз байланыста. Шамамен 2,7 миллион жаңа туылған нәрестелер жыл сайын өледі және тағы 2,6 миллионы өлі болып туылады. Барлық босандыруларда білікті мамандардың болуын қамтамасыз ету өте маңызды, себебі уақтылы көмек көрсету және емдеу, ана мен бала өміріне байланысты.
Кеңес беру соңында біз болашақ ата-аналардың жалпы денсаулығы және олардың таңдаған өмір салты аналар денсаулығы мен балалардың өміріне, созылмалы аурулардың өршуіне ықпал етеді деген қорытындыға келдік. Салауатты өмір салты ол зиянды іс-әрекеттерден (мысалы, темекі шегу, заңға қарсы есірткі шегу, арақ ішу және қауіпсіз нәпсіқорлық іс-әрекеттерден сақтанбау) бас тарту және дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік. Болашақ ата-аналар денсаулығына байланысты мәселелер болса скринигтік тексеруден өтулері керек. Егер осындай мәселе болса, ана мен жаңа туылған нәресте денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету үшін дұрыс диагноз қоюы, емдеу курсынан өтуі керек.