Қалың қалай, студент?

Осы жылдың 17 қараша күні Халықаралық студенттер күніне орай фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы және студенттер кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған «Қалың қалай, студент?» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс–шараны кафедра жетекшілік ететін тәлімгерлік топтармен, яғни  401 ФК А,Б және 403ФК А,Б тобы студенттерімен академиялық дәрежеде өткізді.

1115

Мерекелік бағдарламаны ОҚМФА оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры М. Ұ. Анартаева және  фармацевтикалық факультетінің деканы Н.Ж. Жұмабаев ашып берді. 

1116

Студенттер көркем көрініс қойып, би билеп, ән шырқап, күй тартып, студенттің өмірі жайында бейнеролик түсіріп, студент күнінің тарихын баяндап, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. 

1114

Сонымен қатар, оқытушыларға да студенттік шағына саяхат жасау мақсатында ситуациялық сұрақтар қойылды.

1113

Іс-шараның соңында  фармацевтикалық және токсикалогиялық химия кафедрасының меңгерушісі, профессор С.К. Ордабаева іс-шараны ұйымдастырған студенттерге алғысын білдіріп, студенттік кәсіподақ ұйымы атынан еліміздің жас әншісі Серік Ибрагимовтың жеке концертіне қатысушыларға билет табыстады.

1112 2

 

20.11.2017, 21:26
398 қаралым