«Алғыс айту – парызым»

2022 жылдың 28 ақпан күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен Халықаралық факультеттің ұйымдастыруымен «1 наурыз – Алғыс айту» күніне орай «Алғыс айту - парызым» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараны ОҚМА ректоры М.Рысбеков қатысушыларды мерекемен құттықтады. Арнайы дайындалған концерттік бағдарлама қойылып, мереке күнінің шығу тарихы айтылды.

1-Наурыз алғыс айту күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Әрдайым мейірімді болайық, бауырмал болайық! Мереке құтты болсын.

03.03.2022, 20:33
513 қаралым