Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар

Апталықтың екінші күні: С. Д.Пуассон «Өмір екі нәрсемен ғана көркемделеді-ол математика, физикамен айналысу және оны оқыту» деген болатын. Біздің заманымыздан бірнеше ғасыр бұрын айтылған бұл ұлағатты сөз бүгінгі күні де өз дәрежесін жойған емес. Соның айғағы ретінде Жалпы білім беретін пәндер кафедрасында қарашаның 21 күні математика, физика, графика және жобалау пәндерінің сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып білім алушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру мақсатында мамандықтар арасында пән бойынша жарыс өткізілді. Пән бойынша 4-кезеңнен тұратын жарысқа «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі», «Стоматология және ортопедиялық стоматология» мамандықтары қатысып, «Стоматология және ортопедиялық стоматология» мамандығы жеңіске жетті. Жеңімпаздар апта соңында марапатталады.

23.11.2023, 11:12
331 қаралым