Акушерлік және гинекологиялық курсымен алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем -2 кафедрасының ашылуы.
2017жылдың 30 қараша күні ОҚМФА-ның «Акушерлік және гинекологиялық курсымен алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем-2» кафедрасының ашылуына орай «Ай-Нұры» медициналық орталығында кафедра меңгерушісі м.ғ.д, профессор м.а. Г.Н.Досыбаеваның басшылығымен мерекелік іс-шара өткізілді. Оған кафедра оқытушылары және 612-619 ЖДТ интерн –дәрігерлері ат салысты. Сондай-ақ, мерекелік іс-шараға «Ай-Нұры» медициналық орталығында орналасқан клиникалық базаның бас дәрігері Э.У.Сауленбаева да қатысты.
300 м қашықтықта марафон және флешмоб ұйымдастырылып, жалпы саны 20-ға жуық интерн – дәрігерлермен медицина орталығының қызметкерлері арасында өткізілді. Нәтижесінде, марафонға қатысқан 612 топ интерн- дәрігері Нурдинов Айдос жеңіске жетті. Мерекелік іс-шараға келген қонақтар: интернатура бөлімінің деканы Б.Қ. Досыбаев, ОӘО-ның бастығы А.Г. Ибрагимова, жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі Г.Н. Абуова, ҮКДФ бастығы Л.А. Патсаева, «Вестник ЮКГФА» ғылыми журналының редакторы Р.А.Шаймерденова,
АМСЖ-1 кафедра меңгерушісі м.ғ.к. Н.В.Югай, «Терапия бакалавриат» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д. профессор Э.К. Бекмурзаева, оларға қысқа мерзімде кафедраның жеткен жетістіктері жайлы презентация көрсетілді. Іс-шара соңында «Акушерлік және гинекология курсымен АМСЖ-2» кафедрасы атынан қонақтарға дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.