Акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог дәрігерлеріне және олардың медбикелеріне арналған мастер-класс

832 1

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы базасында 2016 жылдың 10 қазаны мен 16 қазаны аралығында 005 Республикалық бюджеттік бағдарлама негізінде Литва Республикасының мамандарының қатысуымен №1 Облыстық перинаталдық орталығы базасында «Акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог дәрігерлеріне және олардың медбикелеріне арналған акушерлік ургентті тиімді көмек және неонатологияның өзекті сұрақтары» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Мастер-класстың мақсаты стационарларда мамандандырылған шұғыл акушерлік көмек көрсету және жаңа туылған нәрестелерге реанимациялық көмек  көрсетудегі тәжірибелік дағдыларды ендіру болып табылады. Мамандар акушерлік, неонатологиялық және анестезиологиялық бағыттар бойынша дайындалды. Литва мамандарының құрамын медицина ғылымдарының докторы, акушер-гинеколог Томас Биржиетис, анестезиолог-рааниматолог – Аленас Донатас Вилимас, дәрігер-неанатолог Рита Якушкиене, акушерка Бронислава Петрошиене және неонатологиялық медбике Вида Балчинайте құрайды.

832 2

Мастер-класстың ашылуына Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігнің Ғылым және адами ресурстар Департаментінің бас эксперті Тоқтарова Майра Әбдіразаққызы, ОҚМФА ғылыми клиникалық жұмыстар жөніндері проректоры Нұрмашев Бекайдар Қалдыбайұлы, №1 Облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Көкенова Мадина Үмбетқызы және т.б. қатысты.

832 3

17.10.2016, 02:51
664 қаралым