Аккредитация – жоғары оқу орнын дамытудың бір кезеңі

2015 жыл 31 наурыз– 01 сәуір күндері «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медбике ісі» бакалавриат және магистратура, сонымен қатар «Медицина» магистратура білім беру бағдарламалары бойыншама мандандырылған (бағдарламалық) аккредитация шеңберінде ОҚМФА-ға  ТҚБСҚА (НКАОКО) сарапшылар тобының сыртқы аудиті келді.

Сыртқы сарапшылар тобы жұмысын Медициналық білім беру және кадр Комитеті Төрағасының орынбасары, «Денсаулық сақтаудың Ұлттық палатасы» ОИП және ЮЛ сарапшысы, ТҚБСҚА сарапшысы А.А.Қауышева басқарды.

Құрамына: 

- халықаралық сарапшы, Литва денсаулық ғылымы университетінің Медбике ісі факультеті деканы MD, PhD, профессор Мацияускене Юрате;

 - КазМУНО«Медбике ісі курсымен денсаулық сақтау менеджменті» кафедрасының профессоры м.ғ.д., доцент Ж.К. Бөрібаева («Медбике ісі» сарапшысы);

- С.Д.Асфендияров атындағы КазҰМУДипломнан кейінгі білім беру институты, терапия кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Бедельбаева Г.Г. ( «Медицина» сарапшысы);

- Семей қ. ММУ «Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының» доценті м.ғ.к., Горемыкина М.В. («Қоғамдық денсаулық сақтау» сарапшысы);

- жұмыс берушілер өкілі ШЖҚ МҚК «Құралдар мен медициналық қолданыстағы бұйымдарды залалсыздандыру орталығының» Директоры Абиш Г.М.;

- студенттердің өкілі М.Әуезов атындағы ОҚМУ 2-жыл магистранты Д.Ю.Саранова кірді.

Сыртқы сарапшы топ өз бағдарламасын бекітілген келу бағдарламасына сәйкес орындап шықты.

 

03.04.2015, 05:01
722 қаралым