Академиялық ұтқырлық - ЖОО арасында ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыты

Академиялық ұтқырлық-халықаралық стандарттарға сәйкес Қазақстандық жоғары білімнің сапасын қамтамасыз етіп, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Ұтқырлық бағдарламаларына қатысқан студенттердің бір артықшылығы ғылыми және білім беру саласында баға жетпес ЖОО ішінде тәжірибе алмасуға, кәсіби білім мен тәжірибелік дағдыларды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Академияның «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының аға оқытушысы, медицина ғылымдарының магистрі Л.О. Байконсова, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті КеАҚ шақыртуымен 18.10.2021-22.10.2021 жж. аралығында «онлайн» форматта «Нутрициология» пәнінен «Жалпы медицина» мамандығының 5-ші курс шетел студенттеріне (ағылшын тілінде) тәжірибелік сабақ жүргізді. Нәтижесінде жоғарғы оқу орындарының кафедра аралық ынтымақтастығы ары қарай даму бағытында жүйелі қалыптасты.

Ішкі академиялық ұтқырлықтың өтілуіне, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті КеАҚ ректор кеңесінің төраға міндетін атқарушы Э.К.Исмагулова, аға оқытушы Л.О. Байконсоваға жоғары баға беріп, университеттің алғыс хатымен марапатталды.

29.10.2021, 21:49
515 қаралым